Қала жаңалықтары

Бес бастама – әлеуметтік серпіліс

31 мамырда Саран қаласының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында архив қызметкерлері аталған Үндеуде қамтылған әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелерін талқылап, бір-бірімен пікір алмасты.

topic title

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

2-ші маусымда 44 те 803 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өткен болатын.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор С. Исмаилов, Саран қаласының әкімі Е. Темирханов, Саранқаласы әкімінің орынбасары Е. Оспанов, Саран қалалық маслихатының хатшысы Ө. Баймағанбетов, «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ғ. Төртбаева, Саран қаласының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Ю. Кривоносов, «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Г. Сычева, БАҚ өкілдері мен жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.