«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – партия) Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігінің қайта құрылуы жолымен 1999 жылы 19 қаңтарда құрылды (республикалық мәртебе).
Партияның мақсаты – саяси жұмыстардың әдістерімен дамыған азаматтық қоғам институттары, заманауи бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар, экономикалық мықты, демократиялық, зиялы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қолжеткізу.
Партияның міндеттері:
- саяси көшбасшыларды, партия мүшелерін мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқаруға дайындау, қолдау және ілгерілету;
- партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін тұрғындар арасында түсіндіру мен насихаттау, оның қызметтері туралы ақпараттарды тарату;
- Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
- мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін-өзі басқаруда партия мен оның мүшелерінің, азаматтар мен әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ұсыну;
- партияның Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды өткізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандарттарын қалыптастыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермерлік қожалықтарды қолдау;
- қоғамда ұлтаралық және конфессия аралық келісімді, тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
- заң жобаларын жалпы халықтық талқылауға қатысу;
- заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына қоғамдық пікірді зерттеу мен ұсыныстар беру, сондай-ақ өкілетті және атқарушы органдарға енгізу мен ұсыну үшін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, депутаттық бірлестіктер арқылы оларды жүзеге асыру;
- жастар ұйымдарын құру мен ұйымдық нығаюына жәрдемдесу, оларға қолдау мен көмек көрсету;
- қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және басқа да тіршілік саласына жастардың кірігуіне жәрдемдесу;
- партия мүшелерін мемлекеттік марапаттарға белгіленген тәртіпте ұсыну;
- партия мүшелерін моральдік ынталандыру;
- азаматтардың сыбайлас жемқорлық деректеріне төзімсіз қатысын тәрбиелеу, билік органдарының қызметтеріне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстанның партиялық жүйесінің негізі бүгінгі кезеңде басымдықтағы саяси күш, қоғамды топтастырушы және Елбасының мемлекеттік бағыт-бағдарын ұзақ мерзімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші «НұрОтан» партиясы болып табылады.
«Нұр Отан» базалық идеология ретінде «ұлттық бірлік» саясатын жариялайды және ол қоғамдағы белгілі бір топтың мүддесін қорғайтын құрылым ретінде емес барлық халықтың, бүкіл ұлттың мүддесімен шығатын құрылым болып отыр.
Басымдықтағы партияның жүйесі ұстанған бағыттың ұзақ мерзімде тұрақтылығын қамтамасыз етеді және халықты жұмылдыра отырып реформалар жүргізуге мүмкіндік береді.
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалын Саран қаласының әкімі Адамбеков Мухтар Ермекбаевич басқарады. Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мамирова Меруерт Магруповна 1 округтен қалалық мәслихат депутаты, Саран қалалық мәслихатының «НұрОтан» партиясы депутаттар фракциясының жетекшісі.
2014 жылғы 1 қыркүйекке Саран қалалық филиалында 2453 партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымдары -14
Филиал жанында:
- Саяси кеңестің бюросы (Төрағасы Адамбеков Мұхтар Ермекбайұлы)
- Саяси кеңес (Төрағасы Адамбеков Мұхтар Ермекбайұлы)
- Бақылау-тексеру комиссиясы (Тапина Сауле Сержановна)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес (төрағасы Ахмадуллин Дамир Абрикович, қалалық мәслихат депутаты)
- Партиялық бақылау комиссиясы (төрағасы Багринцев Анатолий Петрович, «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымының төрағасы)
- Қоғамдық қабылдау, онда дербес бөлімше төрағасы, областық және қалалық мәслихаттар депутаттары, Саран қаласының мемлекеттік мекемелерінің басшылары бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Саран қалалық филиалында жаңа партиялық куәліктерді айырбастау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылған, олар салтанатты жағдайда табысталады. Барлығы 2283 жаңа партиялық куәлік берілді.
2014 жылдың басынан беру қала аумағында, барлық бастауыш партия ұйымдарында 12 жоба: «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық», «Біздің ауыл», «Кедергісіз келешек», «Мықты бизнес - қуатты мемлекет», «Стопқылмыс», «Жастар-Отанға», «Сәтті қадам», «Жастар қадрлық резерві», «Айкын тариф» жүзеге асырылуда.
«Нұр Отан» партиясының мүшелері Көшбасшымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген міндеттерді жүзеге асыруға белсене қатысады, жұмыстарында Жарғыны және «Болашақты құрамыз!» саяси доктринаны басшылыққа алады.