
Латын әліпбиі - қазақ болашағы
«Ел- бүгіншіл, менікі – ертең үшін»- деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, бүгінгі таңда үлкен мәселеге айналып отырған сұрақ «Латын әліпбиін қолданысқа енгізуіміз керек пе?»
Мәуліт – мейірім мерекесі
Желтоқсан айының жиырма бесінші жұлдызында Саран қалалық мәдениет үйінде барша мұсылман баласы асыға күтетін Мәуліт мерекесі аталып өтті. Мәуліт мерекесі Мұхаммед Пайғамбарымыздың өмірінен сыр шерткен «Өнегелі өмір» бейнефильмін көрсетумен басталды.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған айы Мәуліт мерекесі барысында Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Дархан ұстаз құран оқыса, салтанатты мерекеге жиналған қауымды Саран қаласы әкімінің орынбасары Е. Оспанов құттықтап, елімізге амандық, әр отбасына бірлік-береке тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Қарағанды облысының наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы мерекемен құттықтап, Мәуліт мерекесінің алатын орны жөнінде атап өтті.
Шахмат – ақыл-ой спорт түрі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің саяси жағынан, спорт, салауатты өмір салтын өркендетумен қатар қоғамның да рухани дамуына айрықша көңіл бөліп келеді. Осындай игілікті істердің бірі - 2017 жылы 16-20-шы желтоқсан күндері Саран қаласы «Балалар мен жасөспірімдер» орталығында алғашқы облыстық шахматтық жарыстар өткізілді. Ашылу салтанатында «Балалар мен жасөспірімдер» орталығының директоры, әрі жарыстың ұйымдастырушысы Свиргун Ольга Николаевна жылы лебізін айтып, сәттілік тіледі.

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжіне 95 жыл
Биыл киелі қара шаңырақ Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің құрылғанына 95 жыл толып отыр. Атаулы мерейтойға орай желтоқсан айының жиырма бірінші жұлдызында Саран қалалық мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті. Оған қала басшылары, облыстық колледждер директорлары, білім саласының өкілдері, колледж ардагерлері мен түлектері, оқытушылары мен студенттері қатысты. Бір ғасырға жуық, тарихы терең алтын орданы құттықтауға келген адамдармен зал лық толды.
Үш тілді меңгерту – жарқын болашақтың кепілі
Бүгінгі таңда білім ошақтарында «үштілділік» көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да, үш тілде оқытатын мектептердің басты мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, оқушылардың әлеуметтік және кәсіптік деңгейлерін анықтауға қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Халық күйі
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «...Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана...», - деген болатын.
Білім биігіне – жаңашыл бағыт
Әлемдік тәжірибе ХХІ ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген еді.
Ана тілі және отбасы
Тіл – халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Ана тілі – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа халықтың ұлттық сана-сезімін, ойлау тәсілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтай отырып, берілетін асыл мұра. Ал баланы ана тілінде сөйлетіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, тәрбиелейтін алтын мектеп – отбасы. Ана тілі – тірлігіміздің тірегі, отбасы – өмірдің жарық, жылу беретін сәулелі мектебі.
«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жинақтарын сақтауға мемлекет кепілдігі» атты тақырып бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады
АО «БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10:00 –ден 17.00 дейін Қарағанды қаласы Бұқар жырау даңғылы, 82 үй АЛПРОФ СҮ мекенжайында өтетін Ашық есік күні шарасына шақырады

Қадағалау органының жұмыс істеу бағыттарымен танысты
Тұрғындар сенімінің деңгейін көтеру мақсатында прокуратура өкілдері «Ашық есік күнін» өткізуде. Ағымдағы жылдың бесінші желтоқсанында Қарағанды облысы Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде Саран қалалық прокуратурасының аға прокуроры - Ж. Топарова мен Саран қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры - Г. Имаш кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Оған медициналық мекеме қызметкерлері қатысты.