Қаладағы мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы жұмыс Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 100 нақты қадам атап көрсетілген ұлт жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі кезде мемлкеттік тіл саясаты барлық ұлттардың тіл құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, қарым-қатынас пен білім алуда, сондай-ақ, шығармашылық қажеттіліктерді жүзеге асыру кезінде тіл таңдау еркіндігін ұсынады.
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 2015 жылғы 26-28 қазанда «Казтест» бағдарламасы бойынша 60 мемлекеттік және азаматтық қызметші диагностикалық тестілеуден, 10 адам сертификаттық тестілеуден өтті.
Қалалық «Саран газеті» газетінде «Мемлекеттік тіл саясаты» айдары тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы айдарда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі материалдар жарияланып тұрады. Бүгінгі күнге дейін «Саран газеті» газетінде — 28, «Орталық Қазақстан» газетінде — 2, «Индустриальная Караганда» газетінде 1 мақала жарық көрді.
2014 жылдан бастап тілдерді дамыту орталығында қала тұрғындары үшін қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары өткізіліп келеді. 2014 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарынан 30 адам өтсе, 2015 жылы курсты аяқтағандар саны 127 адамға жетті. Ағылшын тілін оқыту курсы 2015 жылы басталды, биыл 43 адам оқыту курсынан өтті.
Мәдениет мекемелерінің 2015 жылғы жұмысы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейлі даталарға арналды. Жалпы алғанда өткен жылы осы орайда мәдениет мекемелерімен 500-ден астам іс-шара өткізілді.
Саран қаласы мен Ақтас кентінде 1200 адам қатысатын 51 клубтық құрылым жұмыс жасайды. Саран қаласы Мәдениет үйінің 4 ұжымы «Халық», 1-еуі«Үлгілі» атағына ие.
2015 жылы Мәдениет үйінің ұжымдары түрлі фестивальдар мен конкурстарға қатысты. Атап айтсақ, «Россиянка» славян халықтарының этномәдени қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ресей Федерациясының өкілдігімен Астана қаласында ұйымдастырылған «С Россией в сердце» атты ХІ аймақтық фестиваліне қатысып қайтты, биылғы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтетін «Амадеус» би ансамблі 2015 жылы «Ақ көгершін» халықаралық балалар шығармашылығы конкурсына қатысып, І және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Саран қаласында 4 этномәдени бірлестік пен «Видергебурт» неміс орталығы" Қарағанды облыстық қоғамының Саран қалалық филиалы жұмыс істейді. Өткен жылы «Россиянка» славян халықтарының этномәдени қоғамдық бірлестігі материалды-техникалық базасын нығайту үшін 700,0 мың теңге сомасында облыс әкімінің гранты берілді.
Жыл сайын кітап қоры мақсатты түрде сапалы жаңартылып отырады, қалалық кітапханалар қорын жаңа әдебиеттермен және кезекті басылымдармен толықтыру жұмыстары жандануда. Өткен жылы 3216 дана кітап сатып алынды, олардың 1641 данасы мемлекеттік тілде.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Н. Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханамен өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып отырады. Орталық қалалық кітапхананың оқырманы В. Гарифов ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберіндегі «Энергия жизни» фотоконкурсында 2 орынды иеленді, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Да будет слово мудреца» атты облыстық блогтар конкурсында № 2 отбасылық оқу кітапханасының кітапханашылары «Наш Абай» блогын ұсынып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын қалалық «Сұңқар» стадионында жыл бойы түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді. Биылғы жылы спорттық жүрістен денсаулық топтары ұйымдастырылып, қоян-қолтық ұрыс пен фитнес үйірмелері ашылды.