
16 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман Дайырұлы жұмыс сапарымен Саран қаласына келді. Арман Дайырұлы ең алдымен Ақтас кентінде, содан кейін шаһарымыздағы білім ордасының қара шаңырағы Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжіне, одан кейін қалалық Мәдениет үйінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан xалқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Шаһар әкімі Ержан Оралұлы жүргізіп отырған кездесуге жергілікті атқарушы органдардың, педагогикалық ұжымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мұндағы басты мақсат – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мен Жолдау аясында атқарылуы тиіс міндеттерге талдау жасау болды. Сонымен қатар шаһарға келгенде ең алғаш ат басын бұрған колледждің білім беру саласындағы жетістіктерімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға зер салды.
(Басы 1-бетте)
Мұндағы басты мақсат – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мен Жолдау аясында атқарылуы тиіс міндеттерге талдау жасау болды. Сонымен қатар шаһарға келгенде ең алғаш ат басын бұрған колледждің білім беру саласындағы жетістіктерімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға зер салды.
Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Арман Дайырұлы Президент Жолдауындағы басымдықтар туралы айтты.
Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы өз сөзінде елге 300 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартылып отырғандығын, алдағы уақытта ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсетіндігін, білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасы жақсаратынын алға тартты. Сондай-ақ Жолдаудың әркімнен заман ағымына сай болу керектігін де талап ететіндігін түсіндіріп өтті. Арман Дайырұлы Елбасы Жолдауының мән-маңызына тереңдей бойлап, жан-жақты тоқталды. Жиналған қауым Арман Жұмабековтың 1 миллион 300 мың адамның ең төменгі жалақы алып келгендігін, ендігі жерде шамамен 600 мың адамның жағдайы жақсаратыны туралы айтқан сөзін жылы қабылдады. Бұдан бөлек Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы «Ең төменгі жалақыдан салық ұсталмайды, өзге категориялар бойынша да жалақы көлемін арттыру үрдісі жалғаса бермек», - деді. Арман Дайырұлының онан арғы сөздері ұстаз мәртебесі туралы заңның маңыздылығын, «Жастар жылын» жариялаудың мәнін, агроөнеркәсіптегі кооперативтік қозғалыс пен қайта өңдеу саласын, жалпы бәсекелестіктің мазмұнын түсіндіруге бағытталды.
Шаһар әкімі Ержан Оралұлы өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман мырзаға Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мақсатында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, атқарылуы тиіс міндеттерді айқындап бергені үшін алғысын айтып, Жолдауда кеңінен орын алған міндеттердің тап-тұйнақтай орындалатынына зор сенім білдірді.