«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының мамандары ұйымдарға барып, ХҚО бармай-ақ онлайн форматында қызметті қалай алуға болатыны жайлы оқытуды жалғастыруда.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне жыл сайынғы бағалау жүргізу туралы, «Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы». «Мемлекеттік қызметшілер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы».
Егер Сізге есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоғы (бары) туралы мәлімет қажет болса, Сіз осы сұрауды egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы оңай ресімдей аласыз.
Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр.
Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 6,3 млн электронды цифрлық қолтаңба берілді. Электронды үкімет порталының қызметтерін онлайн алуға мүмкіндік беретін кілт иелерінің белсенділігін ХҚО-ға келушілер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай ішінде мемлекеттік корпорация тарапынан 24,4 млн қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтерді өз бетінше алғандардың үлесі 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді.
«Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ http://zhkh.saran.gov.kz/